Алматыда самокат тізгендеген қыз көлікке соғылып мерт болды. Ауыр жарақаттанған ол ауруханада көз жұмған. Самокат пен мопедтердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы соңғы уақытта көбейді дейді мамандар. 6 айда 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шеккен. Соған байланысты полиция самокат пен мопед мінгендерге қатысты жол жүру ережесіне өзгерістер енгізбек.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Самокаттар, скутерлер, мопедтердің қатысуымен жол көлік оқиғасының сандары 4 есеге артып отыр. Қазіргі таңда заңнама аясында бұл самокаттар, мопедтердің жүргізушілеріне жаза қатайтылатын болады. Бұл бойынша қазір жол жүру ережесі туралы заңына өзгертулер енгізіледі.
Ә. Лесбек