$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар мұнай зауыты жоспарлы жөндеуден кейін жұмысын қайта жандандырды

AstanaTV
27.07.2022ж. 20:00
1728
Павлодар мұнай зауыты жоспарлы жөндеуден кейін жұмысын қайта жандандырды

Павлодар мұнай зауыты  жоспарлы жөндеуден кейін жұмысын қайта жандандырды.  Өңірге арнайы іс сапармен келген   Премьер- министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зауыттың тыныс тіршілігімен танысты. Бұл өндіріс ошағы еліміздегі  шығарылатын жағар-жанармайдың 80 процентін өндіреді.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алғашқы көлемі 1500 тонна ертең шығарылады. Бір жұманың ішінде 9 мыңға жеткіземіз. Бір сөзбен айтқанда, өткенде пайда болған мәселелердің бәрі Қазақстандағы шешіледі. Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды толықтай бензинмен қамтамасыз ету, оның ішінде битум да бар. Құрылыс жолдарын салуға байланысты. Оны да қамтамасыз ету.

Ералы Тоғжанов өңірде жүзеге асырылып жатқан ілкімді жобалармен де  танысты.  «Мамандығым – болашағым» атты пилоттық жоба аясында сұранысқа ие 15 мамандық бойынша 800-ден астам адам жаңа кәсіп игерген.  

Самғат ЕРМЕКБАЕВ, "МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жобаның бірден-бір мақсаты- қазіргі таңда экономикаға қажетті жаңа мамандарды әзірлеп, шетелдік немесе өзіміздің компанияларға вакансияларды жабу үшін соларға осындай арнайы жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жоба- өзінің аты айтып тұрғандай, болашағына кемел қадам басатын жоба.

Ал колледждерде студенттер тек білім  алып қоймай, ақылы негізде практикадан өтуге мүмкіндік алған. Олар оқуын аяқтамай-ақ,  жұмыс таба алады. Бұл үшін оқу орындары кәсіпорындармен үш жақты келісім жасаған. Ералы Тоғжанов аймақтағы дуалды оқыту жүйесіне оң баға берді.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жердің студенттері 80 мыңнан 120 мыңға дейін мана бір колледжде. Екінші бір колледждің IT мамандары 800 мыңға дейін 1 млн дейін ақша табатын мүмкіндіктері болып отыр. Бұл дегеніміз балалар оқудың кезінде тұрақты жұмыс орындарын біліп, өзінің бағытын алды деген сөз.

Вице-премьер  қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсететін орталықтың жұмысымен де  танысты. Сондай-ақ, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасылармен және көп балалы аналармен   кездесті.

Ө. Қуанар