Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Петропавлдағы Ромашка саяжайында жер астынан жанармай аралас су шығып жатыр

AstanaTV
27.07.2022ж. 20:00
1647
Петропавлдағы Ромашка саяжайында жер астынан жанармай аралас су шығып жатыр

Петропавл төңірегіндегі Ромашка саяжай қоғамында жер астынан жанармайға ұқсас су шығып жатыр. Тұрғындар оны бірнеше күн бұрын байқаған.   

Александр ЧЕРНОМОРЕЦ, САЯЖАЙ ИЕСІ:

Біз бұл ұңғыманы бес жылдан бері пайдаланып келеміз. Бұрын соңды мұндай болмаған. Қазір жанармай араласқан су монша мен құбырлардың ішінде толы. Егер қазір бұған от тисе, бірнеше саяжай лап ете түседі. Бізден 20 метр қашықтықта тұрған жанармай станциясы да жарылады.

Жанармай станциясының өкілі, ешқандай  сұйықтық төгілген жоқ дейді.   Тексеру жүргізуге қарсы емес екендерін жеткізді.  

Камиль НАРГУЗИН, ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАР БОЙЫНША ИНЖЕНЕРІ:

Біз резервуарларды ылғи тексеріп отырамыз. Оларға құйылатын жанармай түгел сатылып кетеді. Егер ол жер астына төгілсе, бізде дефицит пайда болар еді.  Егер құзырлы органдар тексеріс ұйымдастырса, біз оған қолдау көрсетеміз.

Экологтар судан сараптама алды. Тексеру жұмыстарын бастаған.  

Дамир ЖҰМАБАЕВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗЕРТХАНА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Судың иісінен өзі жанармаймен араласқанын анық айтуға болады. Қазір зертханада судың құрамындағы мұнай өнімдері мен азот топтарының бөлшегін тексереміз. Оның қорытындысы 2-3 күннен кейін дайын болады.

А. Құрманкин