Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды

AstanaTV
28.07.2022ж. 20:00
1310
Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды

Апатты жағдайда жұмысын уақытша тоқтатқан Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнай айдайтын екі қондырғы іске қосылды. Компания мәліметінше, төтенше жағдай осы айдағы мұнай тасымалы кестесіне әсер етпеген. Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалында мұнай жөнелту жұмысы қалыпты режимде жүзеге асырылуда.   

Мұрат ДОСМҰРАТОВ, "АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Апатты жағдайдың салдары қондырғылар іске қосылғаннан кейін бағаланады. Қазіргі таңда зауытта тұтынушыларға жөнелту үшін 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизельді отын, 4 мың тонна әуе керосині бар. Бүкіл қондырғының жұмысын қалпына келтіруге қанша күн кететінін айту мүмкін емес.

Кеше кешке Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында апат болды.  Қатты дауылдан электр бағаналары құлап, қондырғылар істен шыққан.  Салдарынан Каспий құбыр консорциумына қарасты «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай жөнелтетін стансалары электр тоғынан ажыратылды.

ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Құлаған электр тасымалдау желісі бағандары табылды. Бұл жайт "Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ 16 МВт-тық энергиямен жабдықтауда белгілі бір шектеулерге ұрындырды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіру желілерінің іске қосқыш тетіктері ажыратылған. "Karabatan Utility Solution" электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетуге мәжбүр болды.

"KEGOC" акционерлік қоғамы Атырауда электр энергиясын тоқтатпағанын мәлімдеді. "Құрманғазы" мұнай айдау станциясына тоқ беретін электр қондырғысының екі сымы бір мезетте үзілген. Сондықтан тоқ болмай қалған. Дереу электр станцияларының апатқа қарсы автоматикасы штатты режимде іске қосылған.  Атырау мен Маңғыстау облыстары тұтынушыларының 90 процентінде жарық бар.  Қазір технологиялық апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Т.Әлжанов