Валюта бағамының құбылуы дәрі-дәрмек бағасына әсер етті. Шет елден жеткізілетін дәрумендер биыл шамамен 30 процентке қымбаттаған. Оның үстіне, тапшылық бар. Иммунитетті көтеретін қоспалар кей дәріханаларда жоқ.
БЛИЦ:
- Подоражали, сильно подорожали. Ну, эти на 1000 тг общий подорожала.
-1060 теңгенің дәрісін аламын деп,частный поликлиникаға барғанда, 2600 теңгеге сұрап тұрды. Бағасы қымбаттады негізі екі-үш есе қымбаттады.
Фармацевтикалық бақылау департаменті Елордадағы дәріханаларға апта сайын мониторинг жүргізеді. Бағаның өскенін олар да растап отыр. Айтуынша, қымбатшылыққа жыл басынан бері доллар мен рубльдің қайта-қайта құбылуы себеп болған.
Әсия МОЛДИМАНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Шетелден келетін заттарға валюта бағамы да әсер етуі мүмкін. Бізде Қазақстанда дәрілік заттарға шекті баға қойылған. Мына геосаяси жағдайларға байланысты дәрілік заттардың қымбаттауы байқалады. 5-және 10 пайыз аралығында.
Ә. Дүкембаева