Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Биыл 5 айда 7 сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған

AstanaTV
02.08.2022ж. 20:00
819
Биыл 5 айда 7 сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған

Биыл небәрі 5 айдың ішінде 7 сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Оның төртеуі суицидтің құрбаны болды. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әскердегі өлімді  азайту үшін қазір арнайы топ құрылған. Жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді.    

Дархан АХМЕДИЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайғылы оқиғаларды азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір айти компаниялармен келіссөз жүргізіп, барлық жерлерге камера орнатудамыз. Сондай-ақ, әр сарбазға арнайы смарт сағаттар әзірлеу жоспарда бар. Сол арқылы азаматтың жағдайын, жүрек қағысын, денсаулығын, қайда жүргенін бақылай аламыз.

А. Задабек