$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі азамат бір қолымен көлік жөндейді

AstanaTV
02.08.2022ж. 20:00
1641
Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі азамат бір қолымен көлік жөндейді

Қызылордалық Нұрлыбек Байменов  24 жасында оқыста бір қолынан айырылған. Алғашында түрлі ой мазалағанымен, жігерлі жан бұл сынаққа мойымадым дейді.  Үйленіп, отбасылы болған соң материалдық қажеттіліктердің артқандығын айтады.   Сондықтан, тәуекелге бел буып, көлік жөндейтін орталық ашыпты.

Нұрлыбек БАЙМЕНОВ, КӨЛІК ЖӨНДЕУШІ:

Мен машина жөндеймін, мен көмір қаптаймын десем, 1000, 2000 теңге ұстатып жібереді. Бір қолымен дым істей алмайсың, әзірге мынаны лажда деп. Басқа жерге бардым,  Олар да шамалы күт, лажда деп қайтарып жібереді. Сосын намысқа тырысып осымен айналыстық. +шүкір қазір маманы болдық жаймен жаймен.

Нұрлыбектің алғашқы шәкірті – баласы. Ерсұлтан кішкентайынан  ойыншықпен емес, кілтпен ойнап өскенін айтады. Ал 10 жасынан бастап әкесі оны еңбекке баулыған.

Ерсұлтан ЕШТАЕВ, НҰРЛЫБЕКТІҢ ҰЛЫ:

Кішкентайымнан бастап әкемнің қасында жүріп, қалай жөндеп жатқанын көріп, қалай істеп жатқанын бәрін көріп өзін де миыма тоқып. 10 жасымнан бері қарай істей бастадым. Өзі де айтты, балам бәрін үйрене бер, істей бер. Өз мойыныма алдым. Бәрі тамаша жүріп жатыр. ешқандай да өкінбеймін.  

Темір тұлпардың тілін тапқан Нұрлыбекті өзге қалалардан да іздеп келетіндер бар. Жүргізушілер   оның өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтынынын  айтады.

Қанат ЖӨКЕШОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Халық мақтайды бұл кісіні, өте жұмысына ұқыпты. Істеген машиналарының бәрі жақсы жүріп кетіп жатыр деген соң өзім келдім. Біреудің ұсынуымен келгенмін. Ризамын, жақсы өте. Машинамды жақсы қылып істеп берді.

Нұрлыбектің бір қолмен жүргеніне 20 жылдан асты. Бірақ, ол ештеңеге кедергі болған емес. Ешкімнен кем болмай, тірлігін жасап, нағыз еңбек адамы ретінде өзгелерге  үлгі болып келеді.   

М. Тоқтасынқызы