Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Жерді қайтарғысы келмейтіндер де бар",- Қ.Абасов

AstanaTV
02.08.2022ж. 20:00
1017
"Жерді қайтарғысы келмейтіндер де бар",- Қ.Абасов

Заңсыз пайдаланылмай жатқан жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылуда. "Жер аманаты" комиссия мүшесі Қайнар Абасовтың  айтуынша, бұл орайдағы жұмыстар оңайлықпен болып жатқан жоқ. Жерді қайтарғысы келмейтіндер бар дейді.  Сондай-ақ,  иелігіндегі жерді 49 жылдан  бері  мүлдем пайдаланбағандар, мыңдаған гектарды  пай ретінде банкке өткізіп жібергендер де көп. Жердің заңсыз сатылып немесе босқа игерілмей тұруы тек ауылда емес, қалада да жетерлік. Комиссия мүшелері жұмыс барысында түрлі жағдайларға тап болғанын айтады.

Қайнар АБАСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "ЖЕР АМАНАТЫ" КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:

Әр өңірде кезінде заңсыз немесе өзіне ыңғайлы мүмкіндіктері бар. Олардың ішінде, шенеуніктер де бар, ірі кәсіпкерлер де бар. Бұл жердің қайтару мәселесі еңбек істеп, ол жерде халықтың игілігіне істеліп жатқан кәсіпорындарға "Жер аманаты" атынан ол жерде ешқандай біздің жақтан талаптар жоқ. Өз еркімен қайтарып жатқандар да бар, әрине қайтарғысы келмей, нысаналық бағыт өзгеріп және ол жерде әртүрлі құрылыс жүргізгендер де бар. Олармен әрине тиісті жұмыс жүргізіліп, заңсыз-келеңсіз болып жатқан жағдайда кейін қайтарылып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет меншігіне қайтаруға және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырып, жауаптыларды сынға алған болатын. Қазіргі таңда «Жер аманаты» комиссиясы еліміздің барлық өңірінде шенеуніктерден, сондай-ақ өз иелегінен тыс сатып алған меншік иелерінен жерлерді қайтарып алуда. Латифундистермен  күрес тоқтаусыз жүреді дейді комиссия мүшелері.   

Ә. Дүкембаева