$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараздағы «Ауыл - береке» базарының бір бөлігі судың ортасында қалды

AstanaTV
13.07.2016ж. 20:00
3359
Тараздағы «Ауыл - береке» базарының бір бөлігі судың ортасында қалды

Тараздағы «Ауыл - береке» базарының бір бөлігі судың ортасында қалды. Маусым айында тасыған Талас өзені жер асты суларын 20 сантиметрге көтеріп жіберген. Ал әмбебап базар әкімшілігі кәсіпкерлерді басқа орындарға көшірген. Сондықтан олар, сауда-саттық тауарларын сақтап қалдық, деп отыр. Аяқ астынан келген су сатушылардың зәре-құтын алған. 

Гүлжаһан Белдібекова, саудагер:

Мынау менің тұрған жерім, менің өз орным. Осы жерде сауда істеп, нан жеп жүрген едік. Түнгі сағат 2-ге дейін көштім. Сосын алмаларым барлығы жарылып кеткен екен.

Тасқын су 11 гектар жерге жайылып үлгерген. Базар басшылары көлге айналған суды азайтуға бір аптадай уақыт қажет екенін айтты.

Алтай Қарабеков, Тараз қаласы «Ауыл-береке» базарының құрылтайшысы:

2-3 сағаттың ішінде кәсіпкерлердің барлығын жайғастырдық. Талас өзені тасып, мынау көп жерлерді су алып кетті. Соның салдарынан біз де зардап шегіп жатырмыз. Саудагерлер 100 мың теңгеден зардап шекті. Біз барлық материалдық шығынды жауып тастадық. Ол сору станциялары сол жерде тұрақты тұрады. Өйткені келешекте бұндай жағдай болмас үшін.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ