$513.74 €569.17 ₽6.33
×

eGov.kz порталынан тағы да ақау шықты

AstanaTV
03.08.2022ж. 20:00
1394
eGov.kz порталынан тағы да ақау шықты

eGov.kz порталынан тағы да ақау шықты. Бүгін еліміздегі   барлық   халыққа қызмет көрсету орталықтарында онлайн портал істен шықты.  

БЛИЦ:

- 1 сағат болды міне, істемей тұр сайттары. Көпшілік міне тосқандарына көп болыпты. Қашан қосады, өздері білмейді енді тосып отырмыз.

- Ұзақ уақыт отырмыз, біраз болды күтіп отырғанымызға, удостов. жасатуға келгенбіз.


Бұл жағдайға қатысты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік Қоғамы пікір білдірді. Жауаптылардың айтуынша,  сайтта техникалық ақау  болған.

Ростислав КОНЯШКИН, "ҰАТ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Негізінде кеше түнде ақаулар пайда бола бастаған. Бүгін таңертең бұл шегіне жетті. Себебі, инфрақұрылымға байланысты. Кабель дұрыс орнатылмаған және осыған байланысты жүйеде ақау пайда болды. Күніне 170 мың адам егов порталын қолданады. Одан бөлек 50 мың мобильді қосымша бар.  Мұның барлығы жүйеге әсер еткен.

Қазір мамандар техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Әзірге жүйенің  90 проценті  іске қосылды дейді.  Ал ертең таңертең жағдай толық қалыпқа келеді дейді жауаптылар.

Ә. Дүкембаева