Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кәсіп ашуға берілген қаржыны мақсатсыз жұмсаған

AstanaTV
03.08.2022ж. 20:00
1378
Кәсіп ашуға берілген қаржыны мақсатсыз жұмсаған

Шымкентте кәсіп бастауға берілген мемлекеттің қайтарымсыз қаржысы мақсатсыз жұмсалған.  Кәсіп бастаймын деп   555 мың 600 теңге алған  28 адам, ол қаражатқа қарызын жапқан. Той –жиын өткізген. Қазір құзырлы орындардың араласуымен қазына қаржысын талан-таражға салғандар ол ақшаны кері қайтарды,- дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы. 2020 жылы 5 мыңға жуық шымкенттік 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы алса, өткен жылы –784 азаматқа көмек көрсетілген.  Ал биыл мегаполисте 1 150 азаматтың қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі бар. Оның үстіне  қаржы көлемі бұл жолы  екі есе көп, яғни «Бастау бизнес» жобасына қатысушылар 1 млн 225 мың теңге ала алады.
 
Балмаржан НАРБЕКОВА, ШЫМКЕНТ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Оны ақшаны алып алып, қарыз жабуға, кредит жабуға, той істеуге, құдалық өткізуге мүлдем болмайды. +1 млн 225 мың теңге- бұл қомақты сомма. Бір кәсіпті домалатып, өзіңмен бірге бірнеше азаматтарды жұмыспен қамтуға тиіс. Сондықтан бұны тоқсан сайын есебін алып тұруына байланысты азаматтарға бұл санаттағы азаматтарға жауапкершілікпен қарауларын сұраймыз.   
 
Басқарма дерегінше, 1-тамызға дейін 225 адам 274 млн теңгеден астам  ақшаны алып үлгерген. Мамандар  арнайы оқып, сертификатқа қол жеткізген соң ғана  кәсіп бастауға кеңес береді. Өйткені аңқау елге арамза молда болатындар ортаға килігіп,   ақша алып беремін деп алдап кету жағдайлары да  кездесіп жатқанын жеткізді.

А. Төребекқызы