Соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққан екі адам көз жұмды. Мамандар індеттің кең таралып жатқанына алаңдаулы. Кеше COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2661 жағдай тіркелді. 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 32 адамның жағдайы ауыр, 8-інікі өте ауыр болса, үшеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Санитарлық дәрігерлер инфекцияның күрт көбеюі жұрттың сақтық шараларын елемейтіндігімен түсіндіреді. Аурудың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысында тіркелген.
Т. Әлжанов