Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «AMANAT» партиясының "Жастар рухы" ЖҚ ерекше балалар үшін көңілді демалыс ұйымдастырды

«AMANAT» партиясының "Жастар рухы" ЖҚ ерекше балалар үшін көңілді демалыс ұйымдастырды

«AMANAT» партиясының "Жастар рухы" жастар қанаты Елорданың ерекше балалары үшін  "Керуен парк" ойын-сауық орталығында көңілді демалыс ұйымдастырылды.   Мүмкіндігі шектеулі балақайлар   түрлі ойындар ойнап, шат-шадыман болды.  Белсенді жастардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Басты мақсат – балалардың көңілін көтеріп, қоғамға бейімделуіне көмектесу. Партия ерекше балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды үнемі қолдап, оларға қолжетімді орта құру үшін «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді.

Арсланбек МАҒЗҰМ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Негізгі мақсаты - рухы мықты балаларға арнап көңіл-күй сыйлап және де олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру. Яғни біз жастар рухы болып жылсайын системалы түрде рухы мықты балаларды қолдауға дайынбыз. Осы жұмыс әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Бүгінгі күнге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза. Ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мұндай шаралардың олар үшін ерекше маңызды екенін жеткізді.   

Гүлназ ИМАНҒАЛИЕВА, АТА-АНА:

Жаңа келіп, қуанып, жан-жақты қарап, аттракциондарға мініп жатыр. Керуенге шақырып, балалардың демалыс уақытын ұйымдастырып жатқан орталыққа алғысымызды айтамыз.  Балалардың бір мезгіл бойын жазып, сергітіп, ойнатып, көңіл бөліп жатқандарыңызға көп-көп рақмет.  

А. Базарбай