Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Жібек жолы» трансконтинентті раллиге қатысушылар оны әйгілі «Дакар» кезеңдерімен салыстырып жатыр

AstanaTV
13.07.2016ж. 20:00
2891
«Жібек жолы» трансконтинентті раллиге қатысушылар оны әйгілі «Дакар» кезеңдерімен салыстырып жатыр

«Жібек жолы» трансконтинентті раллиге қатысушылар оны әйгілі «Дакар» кезеңдерімен салыстырып жатыр. Жолдың күрделілігіне бола, оның жеңімпазына ұйымдастырушылар төзіміділік пен сынбас рухтың белгісі - ақ арыстан басының мүсінін бәске тігіп отыр. Бас жүлдені автоспортта есімдері әлемге мәшһүр Себастьян Лёб, Стефан Петрансель және жүзге жуық экипаж таласқа салады.

«Қостанай-Астана» кезеңінде «Astana Motorsports» командасы жағдайын жақсартып алды. Ал спортшылар жанкүйерлермен араласып, темір тұлпарларын көпшілікке көрсету үшін «Бәйтерек» алаңында тізді. Жарыс бағыты Қытайдың қатал Гоби шөліне жеткенше, спорт керуен Қазақстан аумағында бірнеше күн болады. Денис Березовский жарыстың кей кезеңдері «Дакардан» кем түспейтінін айтады.

Денис Березовский, «ASTANA MOTORSPORTS» пилоты:

Қызығушылық жоғары. Қазақстан даласы - ралли-рейдтердің құт мекені. Оған барлығы өз бағасын беріп үлгерді. Табиғаттың осыншама алуандығы ешбір жерде жоқ. Ертең ең ұзақ кезеңді жүреміз. Барлығы 900-ге жуық көлік Балхашқа аттанамыз.



Ал триатлоншыларымыз Токио олимпиадасына міндетті түрде қатысамыз деп уәде берді. Айта кетейік, бұл спорт түріндегі қазақстандық спортшылар, Рионы қосқанда, соңғы үш бірдей төртжылдыққа бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алмай келеді. Сондықтан команда құрамы толық өзгерді. Федерацияның президенті Гаджи Гаджиев "елде триатлонның қаржыландырылуына жеке инвестиция тартылып, орталықтар салынып, спортшыларға көмек көрсетіледі" деп мәлімдеді. Ал шетелдік легионерлер тек өз спортшыларымыздың көрсеткіштерін көтеру үшін тартылады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ