Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Air Astana әуе рейстерінің кешігуі қазан айына дейін созылуы мүмкін

Air Astana әуе рейстерінің кешігуі қазан айына дейін созылуы мүмкін

Әуе рейстерінің кешігуі қазан айына дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы Air Astana компаниялар тобының Президенті Питер Фостер  мәлімдеді. Айтуынша, рейстердің кешігуіне техникалық себептер, яғни жердегі қызмет көрсету, әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары, сондай – ақ, әуе кемелерінің құстармен соқтығысу салдары әсер еткен. Жыл басынан бері мұндай  60-тан астам жағдай болған.  

Питер ФОСТЕР, «AIR ASTANA» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алматы әуежайының айналасында тұрмыстық қоқыс үйінділері  көп. Ал қарғалар, негізінен, осындай қоқыс полигондарының маңында болады. Сондықтан, олардың әуе кемелеріне соқтығысуы  жиі кездеседі. Біз әуежаймен, ал олар   әкімдікпен мұндай полигондарды жоюға қатысты жұмыс жүргізіп жатыр. Рейстердің кешігуіне келетін болсақ, жағдай  қазан айының ортасында ғана тұрақталуы мүмкін.

М. Жақан