Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елімізде ресейлік екі жоғары оқу орнының филиалдары ашылады

AstanaTV
05.08.2022ж. 20:00
1128
Елімізде ресейлік екі жоғары оқу орнының филиалдары ашылады

Биыл  Алматы және Атырау қалаларында ресейлік екі жоғары оқу орнының филиалдары ашылады.  Үкімет бұған қатысты  қаулы қабылдады дейді Оқу ағарту министрлігі басшылығы. Олардың мәліметінше, жоғары оқу орын базасында "Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы", "Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру мен автоматтандыру", "Мұнай және газ тасымалдау" сияқты мамандықтар бойынша кадрларды дайындау басталады. Талапкерлер үшін  200 грант бөлінген.  

Ержан ӘМІРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еліміздегі жастардың көбі шетелде оқығысы келеді. Бірақ,  оны барлығының  қалтасы көтермейді.  Бұл бастама Қазақстан саласындағы білім саласына әкелетін кезекті серпіліс деп білеміз. Мұнай, газ, техникалық кадрларды дайындау бойынша  Ресей әлемдегі ең үздіктердің бірі. Сондықтан бұл тәжірибе бізге өте пайдалы болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 жаңа филиалын ашу туралы тапсырма берген болатын. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл- қазақстандық жастарға елден шықпай-ақ шетелдік жетекші  жоғары оқу орындарында білім алуға зор мүмкіндік.

Ә. Дүкембаева