Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Жерді заңсыз иеленген олигарх көп",- М.Бәшімов

"Жерді заңсыз иеленген олигарх көп",- М.Бәшімов

Қарапайым халықтан жерді тартып алып, шошқа фермасын саламыз дегендер де болды. Бұл туралы  "Жер аманаты" комиссиясының мүшесі Марат Бәшімов айтты. Оның сөзінше,  жерді иеленді ма, оны игеру керек. Ал игерілмеген жер алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы ке­рек дейді. Бұл орайда жергілікті әкімдіктегілер жұмысын дұрыс атқармай отыр деп атап өтті Бәшімов.  Салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда дейді ол.

Марат БӘШІМОВ, "ЖЕР АМАНАТЫ" КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, САЯСАТТАНУШЫ:

Ұлан құрсақ деген жерде, Ұлан ауданында тіпті 80 гектар жерді қарапайым халықтан тартып алып, шошқа фермасын саламыз дегені, жер проблемасының кодексіне келмей отыр. Біз айтамыз ғой олигархтар ана салада бар деп, олигархтар анада, сол жерді протоколсыз алып алғандар көп. Алып алған оны игермегендер көп. Соны зарлап жүрген халық, қанша дауыс беріп көтерген. Партияның миллиондаған жерді қайтарғанын халық оны қолдап отыр.

Ә. Дүкембаева