$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Сатушылар талапты орындамай отыр",-мониторинг тобының өкілі

AstanaTV
09.08.2022ж. 20:00
1354
"Сатушылар талапты орындамай отыр",-мониторинг тобының өкілі

Базардағы баға бақылауға да бағынбай тұр. Қарағандылықтардың айтуынша,   әсіресе ет, қант  пен көкөніс алғың келсе, көктегі бағаны төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, сұйық май қымбат.

Әлия СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Баға қымбаттаған, Үнемдейміз, ет мүлде алмаймыз жеңіл- желпі көкөніс ала аламыз, картошкасының бағасы 300 теңге мысалы.

«Amanat» партиясының өкілдері  шаһардағы супермаркеттер мен базарлардағы азық-түлік бағасына мониторинг жасады. Топ мүшелері жауапкершілік саудагерлерде екенін айтып, бақылау әлі де күшейетінін ескертті.
 
Рустам ЖАМЛИХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлеуметтік азық- түлікке 15 пайыздан артық қосылмауы тиіс. Біз шын мәнінде сатушылар қанша қосып сатып жатқандарын, қаншаға қымбаттағанын анықтаймыз. Тұрғындардан қымбатшылыққа шағым өте көп. Жәрмеңкелер де аз өтеді, оны көбейту керек. Мониторинг жасалып үкіметке нақты ұсыныстар жасаймыз.

Таразда да азық-түлік бағасы бұғауға көнер емес. Мұнда да «Аманат» партиясының арнайы құрылған мониторингтік топтары халық тұтынатын тауарлардың бағасын бағамдап, ірі дүкен сөрелерін аралады. Тексеру барысында тауардың   бағасына ғана  емес, сапасына да  мән берілуде. Сонымен қатар сауда орындарының қорында тауардың қаншалықты  жеткілікті екеніне назар аударылады.

Нұржан БАЙМҰРАТОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
 
Үстеме бағасын көтерген дүкендерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-4 бабына сәйкес шара қолданылып жатыр. Бүгінгі таңға 5 дүкенге есткерту берілді, 2 дүкенге жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатырмыз. Баға тұрақты. Осы бағытта жұмыстарды жалғастырамыз.

К. Мерей