$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Ауыл аманаты»: Партиялықтар 116 ауылдық округті аралады

AstanaTV
09.08.2022ж. 20:00
1821
«Ауыл аманаты»: Партиялықтар 116 ауылдық округті аралады

«AMANAT» партиясының өкілдері  Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзден астам елдімекенді аралады. Басты мақсат –   тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу дейді,-жауаптылар. Ауқымды ақпараттық марафонды партия мүшелері 28 шілдеде бастаған.   Осыған дейін Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы ауылдық округтерді түгел аралап шықты.  Шығыс Қазақстан облысында партия мүшелері 18  елдімекенде болып, 700-ге жуық адамды жобамен таныстырған. Мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылға баруды жоспарлаған. Шара 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бекзат НӘЗІРБЕК, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Ауыл тұрғындарына өте қолайлы бағдарлама деп ойлаймын. Сол үшін бұл бағдарламаға толықтай өзім ризамын.

Зайра УСУВАЛИЕВА, БИЗНЕС-ТРЕНЕР:

Еліміздегі әрбір өңірдің өзіндік ерекшелігі бар. Мүмкіндіктері де әр түрлі. Мысалы отбасыларыңызда қандай мүмкіндіктеріңіз бар, мысалға біреуде жер бар деген сияқты, біреудің  малы бар шығар, біреудің техникасы бар шығар, біреудің басқада салаға икемі бар шығар деген сияқты икемділіктеріңізді экономикалық икемділіктеріңізді анықтап, содан кейін сізге дайын бағытта кәсіп ашуды үйрету.

Б. Сатуов