Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада апорт алмасы өседі

AstanaTV
09.08.2022ж. 20:00
1721
Елордада апорт алмасы өседі

Елордада да апорт  өседі. Қала  тұрғыны арнайы қызмет ардагері, зейнеткер Ержан Бекбауұлы өз ауласында  Алматының  алмасын тыңайтқышсыз және арнайы құрылғысыз өсіріп, 10 жыл бойы үзбей өнім алып келеді. Апорт негізі тау бөктерінде және еліміздің оңтүстігінде немесе оңтүстік-шығысында ғана өседі.   Абай облысы Үржар ауданы, Тарбағатай тауының оңтүстік бөктері апорттың өлкесі  саналады.  Алайда Ержан Бекбауұлының айтуынша, елорданың салқын климатында да апорттың  ерекше сортын өсіруге болады.  Ол үшін тек ынта керек дейді. Қазір оның ауласында бау-бақша жайқалып тұр.   15 түп апорт ағашы және  онан бөлек тағы  алманың бірнеше түрі бар. Енді арманым ерекше сортты алманы   бас қала көшелерінен  көру дейді ардагер.  

Ержан ИСАҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жердің суығына қарамастан осы алма ағашын өсіруді армандадым. Сөйтіп осы алма бағын отырғызып, соны өсіріп, баптап, тыңайтып солай осы алманы өсірдім. Мен патент алдым, патентке "Бота" деген жұбайымның атын бердім.

А. Базарбай