Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысында далалық оқу-жаттығу барысында сарбаз қаза тапты

AstanaTV
10.08.2022ж. 20:00
1467
Алматы облысында далалық оқу-жаттығу барысында сарбаз қаза тапты

Алматы облысында мерзімді қызметтің әскери қызметшісі далалық оқу-жаттығу барысында қаза тапты. Оқыс оқиға Жетіген кентіндегі 55/74 әскери бөлімінің оқу орталығында болды. Қатты дауыл тұрып, шатырлар қираған.  Қатардағы жауынгер Алмас Шахимов жеке құрамның қауіпсіз жерге шығуына көмек көрсетіп жүріп, мерт болды. Шатырдың темір жақтауы 18 жастағы сарбаздың басына тиген.    

Ақылбек АМАНОВ, 55/71 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:
 
Палатканы ұстап тұрдық ұшып кетпес үшін. Бірақ ол бізге күш бермей, палатканы көтеріп алып кетті жел. Бізге Алмас келіп, үшеумізге көмектесіп, бағыт көрсетіп, габионның арасына, ыққа қойып кетті. Өзі басқа солдаттарға кетіп қалды. Бір 10 минут өткеннен кейін, мен Алмасты іздеуге кеттім. 10-15 метр  алдымызда солдаттың денесі жатыр. Беті жерге қарап жатты. Аунатып қарасам, Алмас екен.


Онан бөлек 14 сарбаз жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, қызметтік тергеу жүруде. Әскери заңнамаға сәйкес, қайтыс болған сарбаздың отбасына 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, жерлеуге  80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы беріледі.

Бекайдар ҚАЗКЕЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Жан-жақты тексерміз. Өзіміздің әскери жарғыға сәйкес, әр түрлі жазалар бар. Соларға жүгіне отырып, қызметтік тексерісті өткіземіз. Қорытындысын заң жүзінде айтамыз.


М. Жақан