$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ауыл балалары неге қалаға кетеді?",- М.Әбенов

AstanaTV
10.08.2022ж. 20:00
1718
"Ауыл балалары неге қалаға кетеді?",- М.Әбенов

Ауылда жер талан-таражға түскендіктен, азаматтар қалаға қоныс аударуға мәжбүр. Ал қалаға келгендер  үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүр дейді "Жер аманаты" комиссиясының мүшесі Мұрат Әбенов. Айтуынша, партия бастамасымен құрылған арнайы комиссия жұмысын халық қолдап отыр. Тіпті кейбір аймақтарда 7 сағат бойы  халықтың мұңын тыңдадық дейді Мұрат Әбенов. Қоғам қайраткері жер мәселесін ауыл әкімдері бұрыннан қолға алу керек еді, олар керісінше, жерді туған-туыстарына, жеке кәсіпкерлерге  сатып жіберген дейді.

Мұрат ӘБЕНОВ, "ЖЕР АМАНАТЫ" КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
 
Қалада жұмыссыз жүрген ауылдың балалары, енді неге ол ауылдан кетті? Себебі ауылдағы жерлер ірі латифундистердің, сыбайлас жемқорлардың қолдарына кетті. Әкімдіктегілер жақындау жерді алып алды да, басқаларға жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Бір байқағанымыз мал өсірейін десе жаятын жер жоқ. Өсімдік өсірейін десе жер жоқ. Кезінде алып алған адамдар өздері жұмыс істемейді. Өзіне де жоқ басқаларға да бермейді.

Ә. Дүкембаева