Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көлікпен қатынау қиын

AstanaTV
10.08.2022ж. 20:00
863
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көлікпен қатынау қиын

Арбаға танылған адамдар үшін қоғамдық көлікке міну мұң. Елордадағы мүмкіндігі шектеулі белсенділер осылай дейді. Айтуларынша, кейбір автобустарда арнайы пандус жоқ, қауіпсіздік белдігі де істен шыққан. Ол ол ма, жүргізушілер көмекке мұқтаж жолаушыларды мінгізбей, көбінетастап кететін көрінеді.

Ардақ ОТАРБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ашылатын откидной пандус да қарастырылмағандары да бар. Қарастырылған болса, істемейтіндері де бар. Кейбіреуінің ішінде  қауіпсіздік ременьдері, белдіктері де жасалмаған. Баратын жеріне жеткізбей, түсіріп кеткен адамдар да болды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын тыңдаған «AMANAT» партиясының өкілдері қаладағы автобустарға тексеру жүргізді.   

Азамат АЙТҚОЖИН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Әр автобусты тоқтатып, мүгедектермен бірге көріп, пандусы бар ма, тұратын жерлері бар ма, өзінің белдеулері болады, солары бар ма жоқ па деген осыған рейд өткізіп жатырмыз.

Ал, Нұр-сұлтан қаласын транспорт жүйесімен қамтамасыз ететін компания қазір қала ішінде қатынайтын автобустардың 70 процентінде арнайы пандус бар, қауіпсіздік шарасы сақталған дейді. Алдағы уақытта да, аманаттықтармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасайтынын айтты.

Ғани ТӘЖИЕВ, «CTS» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі іс-шарамыз депутаттармен бірге келісіп, қарап, егер біз жақтан кемшіліктер болса, солардың барлығын ретке келтіру ниетіміз бар.

Елордада қоғамдық көлік желісі 96 бағыттан тұрады. Күн сайын 800-ден аса автобус жолаушы тасымалдайды.

А. Задабек