Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бүгін - Абай Құнанбайұлының туған күні

AstanaTV
10.08.2022ж. 20:00
1372
Бүгін - Абай Құнанбайұлының туған күні

Бүгін- қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл әлем ұлықтаған Ұлы тұлғаға ерекше құрмет көрсетіліп, ағартушының туған жерінде Семей қаласы орталығы саналатын Абай облысы  құрылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  елімізде  38 елдімекенге Абай есімі берілген. Бұл тізімде Түркістан облысы көш бастайды. Өңірде  ұлы ақын атында жеті ауыл, екі ауылдық округ бар. Елімізде екі жылдан бері  10 тамыз - Ұлы ақынның құрметіне мерекелік дата ретінде аталып өтіледі. Үш жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен   "Абай академиясы" ғылыми зерттеу институты құрылды. Қазақтың бас ақынының мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында арнайы сериялармен 24 ғылыми танымдық кітап шығарған.  Биыл да профессор ғалымдардың қатысуымен кешенді жоба жүзеге асырылмақ.   

Серік НЕГИМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

2022 жылы 24 монография жарияламақшы. Абайдың ғылыми дүние танымы, көркемдік көзқарасы, гуманистік ізгілік көзқарасы және Абайдың қағидаттары философиялық, тарихи әлеуметтік тұрғыдан зерделенуде. Ол біздің Жаңа Қазақстанды өркендетуге жойқын үлес қосатын рухани көшбасшымыз.

Ғалымдар Абай әлі терең зерттеуді қажет етеді дейді. Оның өлеңдері мен қара сөздерін жіктеп, оны халыққа түсіндіру, жалпы ғұлама Абайды тану мықтап қолға алынуы керек.

Жандос ӘУБӘКІР, АБАЙ АКАДЕМИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:


Абайдың өзі айтып кеткендей "Көкірегі сезімді, тілі орамды" жастарға біз үлкен өнеге көрсетуіміз керек. Біз үнемі Абайды зерттеуіміз керек. Өйткені Абай шығармашылығы үнемі түгесілмейтін мұра. Жыл сайын зерттейтін болсақ, тың қырлары ашыла береді.

К. Мерей