$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысында сіріңкемен ойнаған екі бүлдіршін түтінге тұншығып, көз жұмды

AstanaTV
12.08.2022ж. 20:00
1519
Ақмола облысында сіріңкемен ойнаған екі бүлдіршін түтінге тұншығып, көз жұмды

Ақмола облысында екі бүлдіршін түтінге тұншығып көз жұмды. Үлкендердің қарауынсыз қалған 3 және 5 жастағы қыздар шырпымен ойнап жүріп, жиһазды өртеген. Үйден түтін шыққанын байқаған көршілер жүгіріп келіп, терезені сындырып, ішке кірген.  Бірден балаларды сыртқа шығарыпты. Алайда, балақайлар оттың иісіне қатты уланып қалған көрінеді. Дәрігерлер олардың өмірін аман алып қала алмады, екеуі де аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.  

Думан ДӘЛЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылындағы жеке тұрғын үйде қайғылы оқиға болды. Бұл кезде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт  шыққанын көрген көршілер өрт сөндіру қызметін шақырды. Біздің қызметкерлер оқиға орнына 5 минутта жетті.

А. Задабек