Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде мас келіншек нәрестесін көшедегі орындықта ұмытып кеткен

AstanaTV
12.08.2022ж. 20:00
1537
Ақтөбеде мас келіншек нәрестесін көшедегі орындықта ұмытып кеткен

Ақтөбеде жас келіншек сегіз айлық баласын көшеде ұмытып кеткен. Шырқырап жылаған баланы түннің ортасында қала тұрғыны тауып алып, полицияға әкеліпті.  Куәгерлердің айтуынша жас ана мас болған көрінеді. Құрбысымен кездесіп әңгімелескен соң, отырған жерінде баласын қалдырып кеткен дейді. Ал полицияға ол басқаша ақталған.
 
Қарлығаш БАРЛЫҚОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ №3 ПБ КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР:

Ол түнде дүкен іздеп тамақ алуға бара жатқанын айтқан.  Баласын жаңағы жерге тастап кеткен.

Полиция мәліметінше, әйел-жалғызбасты, тұрақты жұмысы  жоқ. Сол маңда  пәтер жалдап тұратын көрінеді. Қазір бала «Үміт» сәбилер үйінде.

Гүлбарам НҰРПЕЙІСОВА, «ҮМІТ» СӘБИЛЕР ҮЙІНІҢ АҒА ТӘРБИЕШІСІ:

Негізі дені сау, негізі мамасын емген бала. Енді балаға қарасаң күтім көрген сияқты. Тап таза денесінде ешқандай жарақаты жоқ.

Жас ана ертеңіне, есін жиған соң баласын іздеп келіпті. Бірақ, сәби анасына беріле ме, жоқ па, оны   қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия шешеді.

Б. Рақметова