Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Ауыл аманаты" партиялық жобасы арқылы кәсіпкерлер 2,5 пайызбен несие ала алады

AstanaTV
15.08.2022ж. 20:00
2896
"Ауыл аманаты" партиялық жобасы арқылы кәсіпкерлер 2,5 пайызбен несие ала алады

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылы тұрғындары «Ауыл аманаты» жобасының сарапшыларымен кездесіп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған мүмкіндіктермен танысты. Жоба бойынша ауылдың жеке кәсіпкерлері 7 млн 600 жүз мың теңгеге дейін, ал кооперативтер қалаған соммасына дейін жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен несие ала алады. Шаруа қожалықтарының лизингке техника алу мүмкіндіктері де бар.  Ең бастысы кәсіп бастағысы келген шаруа ауылдағы сабан үйін де кепілге қоя алады.  «Ауыл аманаты» жобасының мобильді тобы  Ақтөбе облысының барлық 12 ауданын қамтып, 26 елдімекенді аралап, жұртты жобамен таныстырады.  

Амандық ӘБУОВ, «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Бұрынғы несиелерді рәсімдеу барысында залог кепілге қоятын жылжымайтын мүліктері өтпейді. Біз не істейміз біздің ауыл үйлерінің бәрі саман деп осыны айтатын. Осы бағдарлама бойынша бүкіл ауыл аймақ болсын, қаладағы жылжымайтын мүлкі болса олар қоюға толық мүмкіндіктері бар.

Нұрлы ӨТЕШОВ, КӘСІПКЕР:

«AMANAT» бағдарламасы жақсы екен. Ұнап тұр маған. Енді болашақта 2,5 пайызбен несие алып кәсібімді шамалы үлкейтіп, адам алып қасыма тағыда үлкен қолдау кепілдік барлығы бар.

Арнайы топ Түркістан облысында да болды.   32 ауыл және ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланған. Насихат жұмыстарын білікті бизнес-тренерлер жүргізуде.  Ақпараттық марафон  Сауран ауданынан басталды. Майдантал және Шорнақ ауылдарының тұрғындары да  жобаның мүмкіндіктерімен,  ерекшеліктерімен танысты.

Б. Сатуов