Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысында «Super bol» реалити жобасының ақтық іріктеу кезеңі өтті

AstanaTV
15.08.2022ж. 20:00
1001
Алматы облысында «Super bol» реалити жобасының ақтық іріктеу кезеңі өтті

Алматы облысында «Super bol» реалити жобасының ақтық іріктеу кезеңі өтті. Ең үздік деген 25 спортшы Талғардағы ұлттық құрама базасында жаттығып жатыр. Семейден басталған кастинг Павлодар, Ақтөбе,Ақтауда ұйымдастырылып, Шымкент қаласында жалғасқан.  Қатысушылардың жасы -16 мен 25 аралығында. Жас спортшылардың қарым-қабілетін Самат Смақов, Давид Лория сынды футбол мамандары бақылаған.

Жақсылық КЕНЖЕБАЕВ, «SUPER BOL» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:
 
Бала кезімнен бергі арманым кәсіби футболшы болу еді. Міне, «Супер бол!» жобасындамын. Бұл жоба мақсатыма жетуге мүмкіндік берді. Қазір ұлттық құрамадамын базасында жаттығып жүрмін. Қуанышымда шек жоқ.

Маусым айында  басталған «Super bol» жобасына   6 мың адам қатысуға өтініш берген. Қазір соның ең үздік деген 25 ойыншысы Ұлттық құраманың базасында жаттығуда. Ал финалдық матч 20-шы тамызда елордада өтеді. Жас спортшылар "бұл жоба жетекші футбол командаларымен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді" дейді.

Асылзат ЕРДЕН, «SUPER BOL» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Команданың жартысы бұрындары ойнаған кәдімгідей кәсіпқой футболмен айналысқан жігіттер. Еуропа, Азия осы Қазақстанның клубтарымен өзіңді көрсетіп, соңына дейін жетіп, финалдық кезеңде жақсылап ойнап, жақсы клубтармен келісім шартқа отыру ғой ең басты мақсат.  

Ә. Лесбек