Бүгін
Тереза Мэй Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісті. Осыған орай Қазақстан басшысы құттықтау
жеделхатын жолдады. Онда президент Ұлыбританияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанды қолдауын жоғары бағалайтынын
жазған. Сондай-ақ екіжақты қатынасты одан әрі дамытуға ниетті екені айтылған.
Тереза Мэй - Елизавета 2-ші патшайымның 13-ші премьер-министрі. Ол үкіметті
басқарған Маргарет Тэтчерден кейінгі екінші әйел. Нұрсұлтан Назарбаев
премьерлік тағын босатқан Дэвид Кэмеронға Астана-Лондон байланыстарын нығайтуға
қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ келер жылы өтетін ЭКСПО халықаралық
көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды.