Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодарда Ақсу қаласындағы 4 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары кешеуілдеуде

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
1636
Павлодарда Ақсу қаласындағы 4 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары кешеуілдеуде

Павлодар облысы Ақсу қаласында 4 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары кешеуілдеуде. "AMANAT" партиясының мүшелері  құрылыс жұмыстарымен танысты.  Облыстық мәслихат депутаттары  мен сарапшылар мердігердің жұмысын сынға алды.

Андрей ДАНИЛЕНКО, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:

Мердігерге бірқатар ескерту жасадық. Өйткені, ғимараттың бірінші қабаты әлі бітпеген. Оқу жылының басталуына аз қалды. Десе де, мердігер оқу ғимаратын 1-қыркүйекке дейін аяқтаймыз - деп уәде берді. Ал спорт залды жөндеуге үлгермей жатқандарын жеткізді. Қыркүйектің соңына дейін тапсырамыз - деп отыр. Оған дейін оқушылардың далада жаттығуына тура келмек.

Халық қалаулылары Мәмәйт ауылындағы спорт кешенінің құрылысын да бақылады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған. Нысан жыл соңына дейін пайдаланылуға беріледі - деп жоспарланған.

Ирина ЧИДУНЧИ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Депутаттармен бірге құрылыс жұмыстарын қарап шықтық. Мұнда кемшілік, оқылық байқалмады. Десе де, мердігерге  жылу қазандығын жылдамдатып салу туралы ұсыныс айттық. Жалпы құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатыр.

Ө. Қуанар