Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Балабақшаларға қойылатын талап жеңілдетілді ме?

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
1357
Балабақшаларға қойылатын талап жеңілдетілді ме?

Дәл қазір баланы мектепке дайындау мәселесі өте өзекті боп тұр. Қажетті жабдықтар да, киім-кешек те қымбат.  Көпті алаңдатқан проблема "AMANAT" партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.

Биыл мемлекет көмекке мұқтаж отбасыдан шыққан балалар үшін мектепке керекті киім-кешек пен құрал-жабдықтарға арналған қаражатты ата-аналардың есепшотына аударады. Жыл сайын Үкімет бұл балаларды "жалпы оқыту" қоры арқылы  қажетті заттармен қамтамасыз ететін. Енді ол заңға өзгеріс енгізілді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мектеп формасы бұрын мектеп формасы ретінде сатылып, содан кейін таратылатын. Биылдан бастап алғаш рет қаражат отбасыларға түсетін болды. Бұл механизм 1,5 айдың ішінде жүзеге асырылып, оны заңдастыру, қалай отбасыларға жеткізілуі, әкімдіктер аясында жүзеге асырылуларының бәрі  ойластырылды.

Мамандардың айтуынша, елімізде сапалы мектеп формасын  қолжетімді бағада ұсына алатын отандық өндіруші жеткілікті. Трикотаж матадан тігілген жеңсіз жейде  2 800 -3 жарым мың теңге,  жеңі ұзын жейде- 2 жарым мың теңге тұрады. Ал мектеп формасының жиынтығының (пиджак, шалбар немесе юбка)    бағасы 8 мың теңгеден басталады.

Гүлмира УАХИТОВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ «QAZ TEXTILE INDUSTRY» ҰЛТТЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл импорттық тауар құнынан төмен. Ал шетелдік өндірушілердің жиынтықтары орташа есеппен 45 мың теңгеге дейін барады. Сондықтан отандық өндірушілер оқушыларды мектеп формасымен қолжетімді бағада қамтамасыз ете алады.

Сондай-ақ, кеңесте мектепке дейінгі мекемелерге қойылатын біліктілік талаптарының жобасы ұсынылды.  Балабақшаларда  стандарттарға сай келетін оқу жоспары немесе білім беру бағдарламасы болуы тиіс.

Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Сондай-ақ құжатта балабақшада жоғары білімді педагогтердің болуы, сапалы медициналық қызмет көрсету мен тамақтандырудың ұйымдастырылуы, ғимаратқа қойылатын талаптарды, өрт қауіпсіздігін, жабдық пен жиһаздың, бейнебақылаудың болуы сияқты регламенттер көрсетілген.

Мектепке дейінгі мекемеде мамандығы бойынша бейінді білімі ғана емес, педагогикалық білімі бар және тиісті біліктілікті арттыру курстарынан өткен тәрбиешілер де жұмыс істей алады. Сондай-ақ балабақшаларда медициналық қызметкер шарт бойынша еңбек етуіне болады. Яғни, оның штатта болуы міндетті емес.

А. Базарбай