«TOMIRIS» әйелдер көшбасшылығы бағдарламасы бойынша оқуға өтінімдер мен құжаттарды қабылдау аяқталды. 18 шілде мен 15 тамыз аралығында 342 өтінім түскен. Осы аптада конкурстық комиссия қатысушылардың өтініштері мен мотивациялық хаттарына баға береді. Бағдарлама аясында конкурстық негізде саясаттан, қоғамдық сектордан және «AMANAT» партиясының активінен 30 көшбасшы әйел іріктеліп, бас қалада өтетін қарқынды 5-күндік оқыту бағдарламасына қатысады.
Қ. Мерей