Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда 25-ші қабаттан секіріп кеткен қыз онкологиялық аурумен ауырған болуы мүмкін

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
2198
Алматыда 25-ші қабаттан секіріп кеткен қыз онкологиялық аурумен ауырған болуы мүмкін

Алматыда жұрттың көзінше биіктен секіріп, көз жұмған бойжеткен онкологиялық дертпен ауырған болуы мүмкін. Себебі сұмдық жайттан кейін оның сөмкесінен медициналық сараптама қорытындысы табылған. Куәгерлер тағы қандай ақпаратпен бөліскенін тілшіміз Әсем Лесбек жеткізеді.

Жұрт бойжеткенді соншалықты биіктіктен секіріп кетеді деп ойламаған.  Оны   ойынан айнытып,  ақылға шақырыпты.  
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қайғылы жағдай мына кілең бай-бағландар тұратын тұрғын-үй кешенінде болған. 25-ші қабаттағы подъездің балконынан секіріп кеткен қыздың түгі қалмапты. Тұрғындар оқиға орны қып-қызыл қанға боялғанын айтты.

Бас айналдырар биіктен құлаған қыз асфальтқа баспен түскен. Куәгерлер оның балконда тұрғанын көріп полиция шақыртыпты.  
 
Сәния ӘСЕМБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол кезде анам дәріханада еді. Айқайдың дауысын естіп, сыртқа шыққанында қыздың жерде жатқан денесін көрген. Қан жоса боп жатқан.  Анам әлі есін жия алар емес, шошып қалған.
 
Күзет қызметкері қызды бұрын-соңды көрмегенін айтады.  Құлағаннан кейін оның сөмкесінен медициналық сараптама қорытындысы шықты дейді.
 
Өрімдей жастың өзі-өзін қлімге қиюына не  себеп болғаны әзірге белгісіз.  Полиция қылмыстық іс қозғады.   
 
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бостандық аудандық Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 105-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Болған оқиғаның толық мән-жайы және себеп-салдары анықталатын болады.
 
Сондай-ақ мұндағы тұрғындар марқұмның Шымкент қаласынан келгенін айтты. Пәтерді марқұм бір тәулікке жалға алған. Ал үй иесімен тілдесу  мүмкін болмады.

Ә. Лесбек