Елордадағы кейбір дәріханаларда тыйым салынған дәрілер емін-еркін сатылып жатыр. Полицейлер дәріханалық нашақорлықтың жолын кесті. Фармацевтер өз пайдасы үшін есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды заңсыз сатқан. Мына кадрда, белгісіз азамат дәріханаға кіріп, рецептпен берілуі тиіс дәрілерді алып жатыр. Автордың айтуынша, қала ортасындағы дәріханалар тыйым салынған дәріні емін-еркін сатылымға шығарған. Оны бір ғана жерде емес, бірнеше жерге барып өз көзімен тексеріп көрген.
Елордалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд жүргізу барысында бірнеше дәріханаға құжаттама толтырған. Дәріхана маңындағы тұрғындардан шағым жиі түсетін көрінеді. Бірақ, жеке кәсіпкерлерді қалаған уақытта тексере алмаймыз дейді полицейлер. Соны олар пайдаланып отырған көрінеді. Ал тәртіп сақшылары дәріхана иесіне тек айыппұл ретінде жаза қолдануға қауқарлы.
Әлия ҚИБАТҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Дәріхана иесі сол дәріхананың фармацевтерін ауыстырады. Тек фармацевтке ғана әкімшілік жауапкершілік тартылады. Қазіргі таңда бір материалды біз қалалық сотқа жібердік, ол жерде әкімшілік іс қаралып аталған жеке кәсіпкер+6 айға өзінің кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтатады.
Ә. Дүкембаева