$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында былтыр ғана қолданысқа берілген су жаңа үйлер сапасыз болып шықты

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
2268
Павлодар облысында былтыр ғана қолданысқа берілген су жаңа үйлер сапасыз болып шықты

Павлодар облысында былтыр ғана қолданысқа берілген  үйлер сапасыз болып шықты. Қыста есік, терезеден суық соғып, салдарынан үйдің іші көгеріп кеткен.   Жауаптылар жаз шығысымен жөндеп береміз деп уәдені үйіп төгіпті. Алайда, жаз бітуге жақын қалды, ал мұнда ешкім әлі   аяқ баспаған. Тұрғындар "биыл тағы да бүрсең қағамыз ба" –деп алаңдап отыр. Мәселенің мән-жайын әріптесім Өзгеріс Қуанар біліп келді.

Әйгерім Ерімбетова  - 9 баланың анасы. Бұл үйге былтыр жазда оңтүстіктен көшіп келген. Келе сала, баспаналы болғанына көп балалы ана қатты қуанғанын айтады. Алайда, қуанышы ұзаққа бармаған. Жаңа үй деп берген баспана  қыста пана болмады – дейді.

Әйгерім ЕРІМБЕТОВА, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы қыстың өзінен балдарды жалдың астына ұстап отырдық мына кухняда. Газ жағып тамақ істейміз, от жағамыз 24 сағат от жағамыз өшетін болса үй суып кетеді. Мына кішкентайларым ауырып шықты. Көктемде тексерттім өкпесінде дақтар бар дейді осы сыросттан болып жатқан нәрсе.   

Үйдің қабырғалары сыз тартып, көгеріп кеткен.  Тұрғындардың айтуынша, бұған үйдің сапасыз салынғаны себеп. Өйткені, қабырға мен кірпіштің арасына қажетті жылытқыш материал  төселмеген.  Ал үйдің төбесі өте жұқа жабылған– дейді, тұрғындар.

Мұса ТҰРСЫНОВ, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сырость бәр жақ, басып жатыр. Үйдің ішіне отырып болмайды, суық. Терезелер осыншама қабатта мұз қатып қалады. Соседтер соның себебінен кетіп қалды ғой, жағдай жасай алмаған соң ауырды барлығы.
 
Бір үйдің құрылысына 18 млн теңгег  жуық қаражат жұмсалған.  Баспана мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтеріп,  көпбалалы отбасылар мен оңтүстіктен қоныс аударғандарға берілген.

Серік СОЛТАНОВ, МАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәселені білеміз ақаулар қазір шығып жатқан. Былтыр күзде тапсырған үйлермен биыл біз жұмыс жасап жатырмыз. Мына мердігерлердің өзімен қай жерде кепілдері әлі біткен жоқ олар міндетті түрде жасайтын болады мына 20 күннің ішінде себебі кеше ғана соттың шешімі шықты олар осы 20 күн ішінде биылғы шыққан ақауларды жоюға.

Атқамінерлер асығар емес. Жаз бойы істелмеген жұмысты күз келгенде қатырамыз - деп әдеттегі уәдесін үйіп төкті. Естеріңізге, салайық, бұған дейін Баянауыл, Шарбақты аудандарында осыған ұқсас жағдай болған. Ол үйлер де сапасыз болып шықты. Алайда, мердігерлер бізден кемшілік кеткен жоқ - деп жауапкершіліктен сытылып кеткен болатын.

Ө. Қуанар