Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандылық шахтерлар жалақыны өсіруді талап етті

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
2070
Қарағандылық шахтерлар жалақыны өсіруді талап етті

Бүгін депутаттар Қарағанды мен Шымкент қалаларында болып, халықтың   мұң-мұқтажын тыңдады.  «AMANAT» партиясының мүшелері сондай-ақ, кенді қаладағы көмір кәсіпорындарын аралады. Ал Шымкент халқының әл-ауқаты қалай? Әріптесім Ақбота Базарбай жалғастырады.

Шымкент халқының  әл-ауқаты жылдан жылға жақсарып келеді.  Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы азайған. Өңір жұртшылығымен кездескен депутат  атқарылып жатқан жұмыстардың  жүйелі екенін айтты.

Берiк БЕКЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Шымкент қаласында оң өзгерістер бар. Әсіресе мынау атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны азайып жатыр екен. Яғни, ол дегеніміз не? Себебі тиісті мемлекеттік органдар бүгінгі таңда  тығыз халықпен жұмыс жасауда.  Оқып үйреніп, ары қарай грант алу мәселесі. Көрдіңіздер ме? Жүйелі жұмыстар жасалып жатыр.

Ал Қарағандылық шахтерлер жалақыны өсіруді талап етті.  «Қорғау» кәсіподақ ұйымы қазір тау- кен кәсіпорнының басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Шахтерлердің талап-тілектерін Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков тыңдады.  Жұмыстың ауыр екенін атап өткен ол, зейнет жасын төмендету керек деп санайды.

Тілектес АДАМБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Зейнет жасын төмендету керек. Тым болмаса шахтерлар сезінетіндей аз мөлшерде болса да. Бізде зейнетке ерте шығатын мамандық иелері бар, мен ол кәсіптерді соншалықты ауыр деп айта алмаймын. Оларды шахтерлар мен металлургтердің жұмысымен салыстыруға да келмейді.

Үкіметте құрылған арнайы жұмыс тобы бұл мәселені қарап жатыр деді депутат. Министрлер де өңірге келіп, кеншілердің жағдайын  көрсе дейді.  

А. Базарбай