$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық» акциясына қызылордалық кәсіпкер де үлес қосты

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
1439
«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық» акциясына қызылордалық кәсіпкер де үлес қосты

Елімізде «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке даярлайық»   қайырымдылық акциясы өтуде. Соның аясында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Ділмұхамед Абызов 400 балаға мектеп формасын үлестірді. Киімдер жергілікті тігіншілердің қолынан шыққан. Жомарт жан одан өзге мектепке арналған киімдерді арзандатылған бағамен  сатылымға шығаруда. «Тауарлардың бағасы өзіндік құнынан әлдеқайда төмен» дейді.  

Ділмұхамед АБЫЗОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бағаны тұрақтандыру мақсатында 600 мектеп формасын 7000 теңгеден сатылымға шығардық. Сыр өңірінің тумасы ретінде, осы өңірде жұмыс жасап жатқаннан кейін өзіміздің үлесімізді қосайық деген оймен сатылымға шығардық. Бірнеше жыл бұрын қала өңірінде 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін жағдайы жоқ балаларға қала өңірінде 100 пайыз қамтыдық.  

М. Тоқтасынқызы