Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қызылордада әлеуеті артқан ауылдар қатары артып келеді

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
1344
Қызылордада әлеуеті артқан ауылдар қатары артып келеді

Қызылордада әлеуеті артқан ауыл көбейіп келеді. Оған аймақтағы ірі шаруашылық өкілдері, атымтай жомарт жандар сеп болуда. Олар туған ауылдарын көркейтіп қана қоймай, тұрғындарын да жұмыспен қамтып отыр.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың айнасы болған Нағи Ілиясов ауылында болды. Биыл «Нұрлы жол», «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұнда әлеуметтік нысандарды былай қойғанда, заман талабына сай стадион да салынған. Жеке кәсіпкер ауылды абаттандыру жұмыстарына 800 млн. теңгеге жуық қаржы бөлген.

Сағадат НҰРМАҒАНБЕТОВ, Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауылымыздың инвесторы «Абзал и К» ТС-нің демеушілігімен ауылымыздан 4 гектар жерге «Еңбекшілер аллеясы, паркі» салынуда. Қазіргі таңда жұмысы аяқталуға жақын. Ауылда жұмыссыздық мәселесі шешілген деп айтуға болады.  

Жалағаш ауданындағы Таң ауылында да тындырымды тірлік көп. «Таң ЛТД» ЖШС елді мекенді дамытуға 701 млн теңге қаржы құйған. Негізінен егін шаруашылығымен айналысатын серіктестік ауыл халқын да жұмыспен қамтып отыр. Олар биыл 1200 гектар жерге күріш еккен. Егіс алқабын аралап көрген аймақ басшысы ауылдың ауыл шаруашылығы әлеуетіне жоғары баға берді.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өнімнің мол болғанына барлығымыз қуанамыз. Халықтың елдің еңбегінің қайтқаны. Жоспарға сәйкес күрішімізді егіп алдық. 1 гектар да судан қалған жоқ. Үнемдеп суды пайдаланып дұрыс нәтижеге қол жеткіздік. Енді төкпей шашпай жинап алуымыз керек.

Серіктестік биыл 25 мың тонна өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Ақ күрішті Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттеріне  экспорттамақ.

М. Тоқтасынқызы