Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Нұр-Сұлтанда балаларға арналған ерекше жәрмеңке өтуде

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
1580
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған ерекше жәрмеңке өтуде

Елорда тұрғындары мектеп формасын жеңілдетілген бағамен сатып ала алады. ЭКСПО халықаралық көрме орталығында ерекше жәрмеңке өтуде. Мұнда отандық өндірушілердің өнімдері тікелей саудаланады. Тауардың түрі көп, талғамға сай таңдауға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған.

«Kids EXPO. Балалар әлемі». Осындай атаумен екі күннен бері көрме өтіп жатыр. Үлкен павильонға әртүрлі компаниялардың 100-ге жуық өкілі өнім әкелген. Олардың қатарында отандық өндірушілер мен баспалар бар. Мұнда сіз мектепке, хоббиге және демалысқа қажеттінің барлығын таба аласыз.  

Нұргүл ӘЛІПИНОВА, «QAZEXPOCONGRESS» ҰК» ӨКІЛІ:

Кез келген ата-ана баласына арналған қандай оқу, үйірмелер бар екенін біле алады. Шығармашылыққа арналған салалармен танысады. Жәрмеңкеде көрмеден бөлек мәдени бағдарламалар қарастарылған. Бес күн ішінде 80-нен астам шара өткізуді жоспарлап отырмыз.


Мұнда мектеп формасының көрмесі, көркемсурет шеберханалары тегін өткізіледі. Сондай-ақ спорттық ойындар мен робототехникаға арналған алаңдар бар. Сатылатын өнімдер ең төмен бағамен ұсынылған. Бұл бизнесмендерге қойылған басты талап, дейді ұйымдастырушылар.

Динара БЕКСҰЛТАНОВА, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:


Біз отандық өндірушіміз. Негізінен көтерме сауда дүкендері бізден сатып алады. Өйткені, фабрикадан шыққан өнімнің бағасы төмен болады. Бізде сарафан 5 мыңға, белдемше 5 мың теңге. Бағалар өте қолайлы, әрі сатып алушыға қол жетімді.

«Балалар ЭКСПО» жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен өтуде. Айта кетейік, сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 21 тамыз күні кешкілік аяқталады. Көрмеге барып, керегіңізді алыңыз.

Т. Әлжанов