Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Медициналық құрал бар, бірақ кей мамандар оны пайдалана алмайды

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
1957
Медициналық құрал бар, бірақ кей мамандар оны пайдалана алмайды

Балалар емханасында медициналық аппарат бар, бірақ кадр мәселесі әлсіз. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңес отырысында осылай деді. Депутаттың айтуынша, медицина саласын цифрландыру мәселесі билік назарында. Сондай-ақ, ол Рудный қаласындағы ерекше балаларға арналған «Қамқор» оңалту орталығында болды. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды тыңдады. Жоғары сынып оқушылары үшін «отбасын жоспарлау» курсын енгізу мәселесі талқыланды. Себебі, соңғы жылдары жаңа туған балалардың аурушаңдығы және шала туатын сәбилердің көбеюі алаңдатып отыр. Сондай-ақ, басқосуда медициналық университеттерде кадрларды даярлау мәселесінің осал тұстары айтылды.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жиында ерекше балаларға да назар аудардық. Медицина бойынша ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық деңгейде бірқатар сұрақтарды талқыладық. Сондай-ақ, Қостанайдағы балаларға арналған медицина мекемесінің жұмысы жақсы. Бірақ, кадр мәселесі әлсіз. Құрал жеткілікті, аппаратура бар, бірақ оны пайдаланатын маман аз. Енді мамандарды оқыту мәселесімен ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінеміз.

А. Дүкембаева