Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жергілікті шенеуніктерді қымбатшылық үшін жауапқа тарту керек", - А.Платонов

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
1475
"Жергілікті шенеуніктерді қымбатшылық үшін жауапқа тарту керек", - А.Платонов

Шілде мен тамыз айларында «AMANAT» партиясының мониторингтік топтары еліміздің барлық өңірінде 2 жарым мың нысанда 1200-ден астам рейд жүргізді. Соның нәтижесінде 77 заң бұзу фактісі анықталып, түйткілді мәселелер айқындалды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі бойынша Үкімет бекіткен шекті бағаның өрескел өсімі 10 өңірде: Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды.

Артур ПЛАТОНОВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің мониторингтік топтар жұмысынан нақты нәтиже керек. Ең алдымен, бағаның өзгеруі, сондай-ақ кемшіліктерді анықтап, сол кемшіліктер бойынша  кінәлілерді жазалау керек. Тағы да айтамын: жұртшылыққа нәтиже маңызды. Ең қатаң партиялық бақылау мен партиялық мониторингтік топтардың жұмысын дәрілік препараттардың бағасын тексеруге жұмылдыру керек.

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Үкімет 2024 жылға дейін инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқанын атап өтті. Осы мақсатта, ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Тауарларды сақтау және тасымалдау, бөлшек сауданы қолдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. Шаралар кешенінде  70-ке жуық іс-шара бар.

Абзал ӘБДІКӘРІМОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Үкімет ағымдағы жылы жедел шаралар аясында жыл соңына дейін 35 сүт-тауар фермасын, 3 ет өңдеу зауытын, 5 құс фабрикасын және 11 балық өсіру жобасын салуды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытын 6 млн тоннаға дейін жүктеу жұмыстары аяқталады.


А. Базарбай