$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қазақстан халқына» қоры қалай жұмыс істеп жатыр?

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
2036
«Қазақстан халқына» қоры қалай жұмыс істеп жатыр?

«Қазақстан халқына» қоры түлектер мен студенттерге бөлінетін гранттар санын көбейтті. Бакалавриат бағдарламасы бойынша 2350 грант бөлінген. Шәкіртақы – 40 мың теңге. Бұл туралы бүгін Алматыда қоғамдық қор өкілдерінің қатысумен өткен жиында айтылды. Болат Жәмішев өтініштер санының көп болуына байланысты гранттарды да көбейттік дейді. Сондай-ақ кездесу соңында қор төрағасы шаһар әкімдігімен меморандумға қол қойды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мемлекет басшысының тапсырмасымен қаңтар айында құрылды. Бес бағытта жұмыс істейді. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім және спорт, төтенше жағдайларды болдырмау. Өтініштердің көбі денсаулық сақтау саласынан түсетін көрінеді. Халық ерекше балалар мен мүгедек адамдарға қолдау көрсетуді сұрайды.

Рауана САҒАДИЕВА, "ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ" ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңның статистикасы 742 мың ерекше санаттағы оның ішінде мүгедектер санатына жататын адамдар бар. Оның ішінде 175 мың тек қана балалар. 04/23 Сексеннен астамы ерекше балалары бар санаты, мүгедектерге жатпайды және норма типичнаяларға жатпайды. Былайша айтқанда қалып кетіп отыр. Яғни инклюзивтік кабинеттерді ашу керек. Класстарды ашу керек. Мамандандыру керек.

Азаматтардың өтінішіне қала әкімдігі де қолдау білдірген. Төраға Болат Жәмішев қордың бүгінге дейін атқарған жұмыстарымен, жаңа бастамаларына тоқталды. Қор есебінен 2000 нан астам студент білім алады деді. Яғни бакалавриат бойынша талапкерлерге грант бөлінген.

Болат ЖӘМІШЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аударма. Елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Оның 85-і қор есебінен 10 грантқа дейін қамтамасыз етіледі. Арасында ұлттық жоғары оқу орындары да бар. Оларға 20 грантқа дейін бөлінеді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 130 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Қаражат шын мұқтаж жандарға ғана жұмсалады. Кездесу соңында қор төрағасы қала әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ә. Лесбек