Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Жастар Рухы» мен «Astana Hub» меморандумға қол қойды

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
1734
«Жастар Рухы» мен «Astana Hub» меморандумға қол қойды

"АМАNАТ" партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Astana Hub» IT-старт-аптар Халықаралық технопаркі екіжақты келісімге қол қойды.  Меморандум аясында жастарға арналған цифрлық білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Әсіресе бағдарламалау мектептері мен жас IT мамандарды қолдауға екпін қойылады. Технология, инновация саласындағы жалпы республикалық IT-хакатон биыл күзде өтпек. Өңірлік іріктеуден өткен үздік жобалар елордадағы ақтық кезеңде сыналады.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсаты IT саласында жастарға дамуына, біліктіліктерін арттыруға жаңа білім көздерін ашып, сол жерден білімді сусындатуға мүмкіндік беру. Бұл әрине біздің 6-съезімізде Мемлекет басшысының білім бағыты бойынша білім принципін жаңа білім көздерін игеру бойынша айтылған бағытына сәйкес келетін жаңа жобалардың бірі.

Мағжан МӘДИЕВ, "ASTANA HUB" IT-СТАРТАПТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНОПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Мұнда оларға көптеген мүмкіндік ашылады. Қазақстандық жастардың зор әлеуетін көріп отырмыз. «Жастар Рухы» жастар қанатымен бірлесіп, өскелең ұрпақтың IT саласына деген қызығушылығын арттыра деген ойдамын.


К. Мерей