Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

2 жыл бұрын ашылу керек болған Ақмола облысындағы мектеп құрылысы әлі аяқталған жоқ

AstanaTV
22.08.2022ж. 20:00
1699
2 жыл бұрын ашылу керек болған Ақмола облысындағы мектеп құрылысы әлі аяқталған жоқ

Ақмола облысы Жібек Жолы ауылындағы мектеп биыл да пайдалануға берілмейді. Бұл туралы "AMANAT" фракциясының мәжіліс депутаттары құрылыс алаңына барғанда анықтады. Жоспарға сай білім ошағы 2 жыл бұрын ашылу керек болған. Бірақ құрылыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Бас мердігер құрылыстың тұралап қалуына қымбатшылық кері әсер етті дейді.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл мектеп 1 қыркүйекте ашылуы керек еді. Бірақ құрылыс әлі біткен жоқ. Мердігерлер оған бірнеше себеп бар екенін айтты. Қазір балалар 3 ауысым бойынша оқуға мәжбүр болып отыр. Біз депутаттар жұмыс барысын қадағалап қана қоймай, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысамыз. Сондай-ақ, бұл мәселе басқа ауылдарда да бар екенін ескеру керек.

Қазір Жібек Жолы ауылында 2 мектеп бар. Оларда оқитын бала саны белгіленген нормадан асып кеткен. Сондықтан кейбір сыныптар үш ауысым бойынша оқуға мәжбүр. Мердігерлер жаңа білім ошағының құрылысы осы жылдың желтоқсан айында аяқталады дейді.

Мәди ЕЛУБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл мектеп бойынша жоспардың 2 корректировкасы өтті. Ол ақпан айында және тамыз айында + Осы жылдың соңына дейін тапсыруға мердігер сөз беріп жатыр. Балалар екі және үш ауысым оқып жатыр. Сондықтан осыны, осы мәселені, осы проблеманы алып тастау үшін осы мектептер салынып жатыр.

А. Задабек