Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысы тұрғындарын несие алу үшін кепіл зат мәселесі толғандырады

AstanaTV
22.08.2022ж. 20:00
1309
Павлодар облысы тұрғындарын несие алу үшін кепіл зат мәселесі толғандырады

"AMANAT" партиясының «Ауыл аманаты» жобасын ақпараттық түсіндіру тобы Павлодар облысындағы 33 елді мекенді аралады. Мақсат - жоба аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру арқылы халықтың табысын арттыру. Бұған тек қана ауылда тұратындар ғана қатыса алады. Ақпараттық түсіндіру тобы Павлодар ауданына қарасты Черноярка ауылдық округі халқымен жүздесті. 2 жарым мыңдай халқы бар ауыл тұрғындарын, несие алу үшін қойылатын кепіл зат мәселесі толғандырады. Өйткені, ауылдағы ескі үйлердің көбінің қабырғасы кірпіштен қаланбаған. Ал ондай үйлерді кепілдікке қоя алмайды.

Ермек ТОҚТАУЫЛОВ, ЧЕРНОЯРКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз үш күндік семинарға қатыстық. Оқытушылар бізді әкім ретінде осы ауылдың менеджері ретінде өте пайдалы білім берді. Енді біз бұл жобаны жүзеге асыруға ат салысатын боламыз. Ауыл тұрғындарының табыс арттыру үшін жұмыс жасаймыз. Кепіл зат мәселесін жоғары жаққа жеткіздік.

Мұхтар МОЛШЫН, ТОРАЙҒЫР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

2,5 пайызбен несие беру біздің халыққа өте тиімді. Сондықтан, осы жоба туралы жұмыс істеп жатырмыз. Халықпен сөйлесіп, қолымыздан келгенше, қандай кепілдікі бар екен, қандай бизнес жобалары бар екенін бағдарламаларын бәрін ақылдасып, Үкімет қойып отырған 2023-2025 жылға арналған ғой. Соған байланысты сондай жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Ақпараттық түсіндіру тобы облыс орталығынан шалғайда жатқан Торайғыр ауылында да болды. Елді-мекенде мыңға жуық халық бар. Негізгі тіршілік көзі төрт түлік және туризм. Тұмса табиғаттың ортасында орналасқан ауылда туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Жазғы уақытта әсем табиғатты көруге алыс жақынан туристер көп келеді. Оларға қызмет көрсету үшін несие алып, бизнеспен айналысуға мүмкіндік бар.

Ө. Қуанар