Алматыда жаңа туған сәбиді 2 миллион теңгеге сатпақ болғандар ұсталды. Олар 7 адам. Нәрестенің ата-анасы 5 адаммен сыбайласқан. Алғашқылардың қатарында бөбектің биологиялық ата-анасы. Кейін арадағы делдалдар мен баланы сатып алушылар. 48 жастағы ер адам мен оның 46 жастағы жұбайы сәбиді 2 миллион теңгеге алуға уағдаласқан. Күдіктілер арасында баланың құжатын рәсімдеген әйел адам да бар. Сондай-ақ, полиция тінту кезінде делдардың қолында тағы екі сәбидің болғанын айтты. Күдікке ілінгендердің барлығы қамауға алынған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыстық кодекстің 135-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұстау кезінде делдалдардың қолынан тағы кішкентай 2 нәресте шықты. Жобалап 7 айлық және 3 айлық. Қазіргі таңда сол 3 бала медициналық мекемеге жеткізілді. Осы бап бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделді.
Ә. Лесбек