Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанда бензин мен дизель отынының 2 аптаға жететін қоры қалды,- министр

AstanaTV
23.08.2022ж. 20:00
1100
Қазақстанда бензин мен дизель отынының 2 аптаға жететін қоры қалды,- министр

Соңғы 20 жылда бірінші рет еуро доллардан арзандады. Ал, өңірлерде дизел отынына тапшылық әлі де байқалады.

Кезек, экономика жаңалықтарында. Онымен әріптесім Бекболат Сатуов таныстырады.

Иә, бұның себебін Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін айтып берді. Қазақстанда бензин мен дизель отынының 2 аптаға жететін қоры ғана қалған. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Қазақстанда бензин мен дизель отынының 2 аптаға жететін қоры қалды. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкіметте айтты. Ведомство жетекшісінің ақпаратына сәйкес, АИ-92 маркалы бензиннің қазір 180 мың тоннасы бар. Ал дизель болса 220 мың тонна ғана қалған. Қазір бензин бойынша жанар-жағармай бекеттерінде ахуал тұрақты. Ал дизель отынның жағдайы қиындау болып тұр. Бірқатар бекеттерде сату бойынша шектеулер қойылған. Бұған себеп логистика жағынан туындаған қиындықтар дейді министр.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИТСРІ:

Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес жүзеге асырылады. Бос вагон цесторналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі. Вагондарды жеткізілу пунктеріне дейін жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы байқалады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына тоқталсам. Баға саясатына қатысты тыңғылықты жұмысқа делдалдар мен алыпсатарлардың әрекеті кедергі келтіруде. Қалтаны қаққан қымбатшылықтан табысымыз жетпейді, дейді тұрғындар. Ал Үкімет бағаны бағындырамыз дегелі қашан? Нәтиже байқалар емес. Мәселен сұйық май 1240 теңге, қарақұмық 890 теңге, тауық еті 1700 тг, нан 256 теңге, ұн бағасы 1 мың тг, сүт 700 теңге. Шамамен 7 мың теңгеге жуықтайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге қымбат. Күнбағыс майы бір жыл ішінде 12 процентке қымбаттады. Жылқы еті 17, ұнның құны 37 пайызға өскен.Ал, қант тіпті 87 процентке өсіп отыр. Сары май өндірісі азайып, оған да сұраныс артқан. Бағасы бір жыл ішінде 15 процентке жоғарылапты. Тізім осылай жалғаса береді. Алыс-жақын шетелден келетін тауарларды қоспағанда, ішкі өнімнің де жағдайы мәз емес. Оған үкіметің нәтижесіз жұмысы себеп дейді,-белгілі экономист Мақсат Халық.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Үкіметтің жұмысының нәтижесінің жоқтығы. Болды одан басқа ештеңе емес. Әйтеуір бір сыртқы факторлерді кінәләп қою керек болды. Ал бірақ шын мәнінде қарасақ үкімет өзіне қажетті дүниенің бәрін алды жылдың басында. Жетіспеген қаражаттың бәрін ұлттық қордан бөліп алды.

Ал Сауда және интеграция министрлігі жағдай қатаң бақылауда дейді. Тіпті кейбір көкөніс өнімдерінің бағасы біршама түскенді айтады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өткен апта әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі 0,2 процентті құрады. Олардың арасында кеспе, күріш және күнбағыс майының өсуі байқалады. Сонымен қатар көкөністер арасында бағасы төмендегендерде бар. Мәселен пияз бірден 5 пайызға, қырыққабат және картопта бар.

Соңғы 20 жылда бірінші рет еуро доллардан арзандады. Қазір ақша айырбастау пунктерінде доллор мен еуро 478-479 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек рекордтық құлдырауға әлемдік дағдарыс және Солтүстік ағын арқылы газ жеткізудегі үзілістер, сондай-ақ АҚШ Федералды резервтік жүйесінің инфляцияны тежеу жөніндегі белсенді әрекеттері себеп болуы мүмкін. Еске салайық, Еуроодақ құрамындағы 19 елдің ортақ валютасы 2002 жылдың желтоқсанынан бері АҚШ долларынан қымбатқа саудаланып келген еді. Еуропаның орталық банкінің ақпаратынша, жыл басынан бері Еуроодақ валютасы АҚШ долларына қарағанда 10 процентке құлдыраған

Б. Сатуов