Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

AstanaTV
23.08.2022ж. 20:00
1337
Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

Елде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі келер жылы 4 пайызға жетеді. Бұл туралы Президент өткізген экономикалық мәселелер жөнінде кеңесте айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында 2023-2027 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер қаралды. Президент ұсынылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының тепе-теңдігін атап өтті. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі алдағы жылы 120,7 триллион теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр. Ал салық түсімдерінің артуы есебінен бюджеттің кіріс бөлігі 10,5 триллион теңгеден 13,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет назарын тағы да қаржыны тиімді жоспарлау мен үлестіру қажеттілігіне аударды.

Б. Сатуов