Елде биыл да дизель отынынан тапшылық туындады. Жетіспеушілікке не себеп? Елорданың өзінде бүгін баға 450 теңгеден сатылуда. Қалааралық автобустар тұралап қалған. Жүргізушілердің жанайқайын тілшіміз Бекболат Сатуов тыңдап қайтты.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:
Нұр-Сұлтанда соңғы бір аптадан бері қалааралық қатынайтын автобустар да қаңтарылып тұр. Себебі дизель отыны тапшы. Оңтүстік бағытта жүретін автобус жүргізушілерінің айтуынша, үлкен жолдарда жанар-жағармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Себебі дизель отыны бірінде бар болса, екіншісінде жоқ. Тіпті барларының өзі 50 литрден артық бермейтін көрінеді.
Жүргізушілер жол бойы дизель отынын 350-370 теңгеден құйып жатқандарын айтады. Жанармай шығынға батырды дегендер жолақасын көтеру де тырығырықтын шығармайтынын түсінеді. Жолаушылары азайып кетпек. Әзірге әліптің артын бағып отырған көрінеді. Айтуларынша жанар-жағармай бекеттері талон талап етеді.
БЛИЦ:
- Анау Шымкенттен осы Астанаға дейін мысалыға келгенше бір 60 шақты заправкаға кіреміз. Сол 60 шақты заправканың шінде бір үшеуі ғана береді. Онда да лимит 50л, 70л, 100литрге дейін.
- Мәселен талон дейді.Талон фирмаларға беріледі. Жекеменшік бұл, жекеменшіктерге берілмейді ғой. Қарахан халықты қинап отырғаны қалып отырда. Өзімізде шығып жатқан нәрсені.
Жүргізушілер үлкен жолдарда қазір дизель отынын тек шетелдік көліктер ғана кезексіз, әрі емін-еркін алатынын түсіне алар емес.
Автобус жүргізушілері де мұны растап отыр.
БЛИЦ:
- Транзит нөмірлерге беріп жатыр. Өзіміздің Қазақстанға салярка жоқ. Өзбекстан нөмерлі автобустар констрге дейін құйып алып кетіп жатыр.
- Салярка жоқ деп жатыр. Біз айналып келсек. Солар фураларға беріп жатыр да шетелдік көліктерге. Демек олар көптеу алып жатыр немесе ақша көптеу беріп жатыр. Біз осыны түсінбей жатырмыз.
Ашынған ауыр көліктің жүргізушілері дизель отынын арнайы ыдыстарға артығымен құйып алуды әдетке айналдырыпты. Себебі оңтүстікте отын мүлде жоқ дейді.
Сұраныс артқан сайын бағада басынып шыға келетіні тағы бар. Ел астанасында бүгіннен бастап дизель отыны 450 теңгеден саудалана бастаған. Бағаның бұлайша құбылуына не себеп екенін білу үшін жанар-жағармай бекеттеріне барған едік, түсірілім тобымызды жолатқан жоқ. Ал жауапты энергетика министрлігі хат жазуымызды талап етті. Күні кеше тапшылыққа логистикалық қиындықтар себеп болып отыр деген еді.
Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес жүзеге асырылады. Бос вагон цестрналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі. Вагондарды жеткізілу пунктеріне дейін жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы байқалады.
Тапшылық бұлай жалғаса берсе, барының өзі бағасын көтіріп алса көлік жүргізушілер қалай күн көреміз деп алаңдайды.
Б. Сатуов