$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Ақтөбе облысында бұралқы иттер қорадағы малға шапқан

AstanaTV
24.08.2022ж. 20:00
567
Ақтөбе облысында бұралқы иттер қорадағы малға шапқан

Ақтөбеде бұралқы иттер малға шапқан. Аймақтағы Байғанин ауданы тұрғыны Нұрдәулет Ермекбаевтың қорадағы қойын түнде иттер талап, жеп кеткен. Қорада қамаулы тұрған қойды бірнеше ит түнде талап өлтіріп, жартысын жеп кеткен. Таңертең малының өлексесін тапқан.

Нұрдәулет ЕРМЕКБАЕВ, БАЙҒАНИН АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Есіктің астынан қазып кіріп иттер талаған. Жеген, асты жақ бөлігін жеген әр жерін тістелеп жаралап, терісінің жыртып сөйтіп жіберген. Өте көп оған ешқандай шара қолданып жатқан жоқ.

Бұған дейін де қаңғыбас иттер тұрғындардың қорадағы малына шауып, төлдерін жеп кетіпті. Аудан орталығының өзіңде аш иттер өріп жүреді дейді бұқара. Аудан басшысы тығырықтан шығудың жалғыз жолы - иесіз иттерді қамап ұстайтын арнайы орын жабдықтаған. Бұл жерге әзірге 20 шақты қаңғы ит оқшауланбақ.

Қайрат ОТАРОВ, БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Халықтың арасында түсіндірме жұмыстары жасалуда. Иттерді байлап ұстау жөнінде артық ит ұстамау оларды чиптау жөнінде осындай жұмыстар жасалуда. Ветслужба ветстанса арқылы солардың ауласынан итті қамау алаңын жабдықтап жатырмыз. Осындай жұмыстар иттерді әрі қарай заңның аясында іс-шаралар қабылданатын болады.

Б. Рақметова



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах